Астанада бокстан өтіп жатқан олимпиадалық іріктеу сынының финалына екінші боксшымыз шықты

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - «Аламан» порталының мәліметінше, 64 келіде Данияр Елеусінов өзбек Уктамжон Рахмоновты ұтты -16:7.
None
None

Бірінші раунд - 5:2. Екінші раунд - 5:2. Үшінші раунд -  6:3. «Ақырын жүріп, анық басқан» Елеусінов Астана додасының алтынын енді  түркмен Сердар Худайбердиевпен сарапқа салады.

Данияр бұған дейін олимпиада жолдамасын алып қойған-ды.

Осы тұста айта кетейік, 56 келі салмақта олимпиада жолдамасына үндістандық Тапа Чива мен сириялық Вессам Саламана иеленді. Ал бұл салмақтағы тағы бір жолдаманы жапон Сатоши Шимису мен ирактық Аммар Хассан сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар