11:30, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Астанада «Болашақ госпиталі» атты I-ші халықаралық медициналық іскерлік форумы өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең Астанада «Болашақ госпиталі» атты I-ші халықаралық медициналық іскерлік форум басталады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев,
ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, сондай-ақ республикалық және халықаралық медициналық қоғамдастықтың өкілдері қатысады. «Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстанда «Болашақ госпиталін» құру туралы тапсырмасын орындау форумды өткізудегі негізгі міндет болып табылады. Форум 2 күн бойы өткізіледі. 8 қыркүйекте оның салтанатты ашылуы және пленарлық отырысы болады, ал 9 қыркүйекте - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының және Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының базасында секциялар бойынша жұмыс өтеді», делінген таратылған хабарламада.