Астанада «Болашақ» түлектері арасында бадминтоннан әуесқойлар жарысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері арасында Астана қаласында бадминтон ойыны бойынша «Bolashak Badminton Tournament BBT» І турнирі өттті.

Астанада «Болашақ» түлектері арасында бадминтоннан әуесқойлар жарысы өтті

Турнирдің басты идеясы - белсенді спорт түрі ретінде бадминтон ойының дәріптеу және Астананың зияткер жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында командалық рухты қолдап, достық байланыс пен қарым-қатынасты күшейту, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

Әуесқойлық жарыс әртүрлі жастағы ерлер және әйелдер арасында жекелеген категорияда олимпиадалық жүйе бойынша өткен болатын. Онда барлығы 32 адам қатысты.

Бірінші орынды «Болашақ» бағдарламасының түлегі Шынар Алдажуманова, екінші орынды ресми әкімшісінің өкілі Берік Найманов, үшінші орынды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкері Қайыржан Ғайнуллиев және «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ерлан Ікрам иеленді.

Турнирді ұйымдастыруға Қазақстандағы бадминтон федерациясы, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Алау» мұзайдыны сарайы қолдау көрсеткендер:

«Жарыс Рио-де-Жанейродағы Олимпияда ойындарына қатысып жатқан қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатымен және Халықаралық жастар күніне орай өткізілді. Біздің ойымызша, осындай спорттық іс-шаралар жаппай спорттың және салауатты өмір салтының дамуына қуатты шабыт береді», деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов.