Астанада болған ірі жол-көлік апатына кінәлі жүргізушіге іздеу жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада үш көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Астанада болған ірі жол-көлік апатына кінәлі жүргізушіге іздеу жарияланды

«БМВ» маркілі көлігін мінген жүргізуші 14 шілдеде шамамен сағат 22.00-де Достық даңғылы арқылы Сауран көшесіне қарай бағыт алып, сол жолда келе жатқан «ВАЗ 2114» маркілі көлігіне соғылған. Соққыдан «ВАЗ 2114» көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Лексус» көлігіне соғылған», - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан 21 жастағы «ВАЗ-2114» көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «Лексус» көлігінің жолаушысы Темір жол ауруханасына жеткізіліп, онда дәрігерлердің қарауынан соң үйіне жіберілді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде «БМВ» көлігін Ақмешіт көшесінің бойынан тапты. Жасырынған жүргізушіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ІДД аталған жол-көлік апатының куәгерлерін 8(7172)71-61-94, 8(7172)71-62-14, 8 701 794 00 94, немесе «102» телефон номерлеріне хабарласуды сұрайды.