11:22, 08 Сәуір 2012 | GMT +5
Астанада болған өрт кезінде бір адам мерт болды
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Елордада Сарыарқа ауданындағы Беляков көшесінде кеше, 7 сәуір күні 15 с. 04 мин. құрылыс вагоншасы өртенді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Жалын тілі 15 с. 26 мин. ауыздықталды. Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 21 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 30 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан 52 жастағы ер адамның мәйіті табылды.