Астанада болған өрт салдарынан күйік шалған әйел мен иіс тиген ер адам ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Астананың Сарыарқа ауданында екі өрт оқиғасы болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Кеше сағат 22:20-да жекеменшік тұрғын үй отқа оранды. Жалын сағат 22:45-те ауыздықталып, 22:57-де сөндірілді.

Онымен күреске Астана қаласы ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 19 адамы мен 4 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Термиялық күйік шалған 29 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ жекеменшік тұрғын үйдің аумағында орналасқан құрылыс вагоншасында түнгі сағат 01:41-де өрт болды. Жалын сағат 02:07-де ауыздықталып, 02:24-те сөндірілді.

Онымен күреске Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 4 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 20 шаршы метр аумаққа тарады. Иіс тиіп уланған 37 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар