08:43, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Астанада болған өрттен 5 жасар бала зардап шекті
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Кеше, қаңтардың 9-ы күні Астана қаласында болған өрт оқиғаларында екі адам зардап шекті, оның бірі 5 жастағы бала,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Мәселен, Сарыарқа ауданы Новая көшесінде орналасқан дүкендердің бірінен шыққан өрт 40 шаршы метр аумақты шарпып, оның салдарынан 27 жастағы дүкенші күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жау Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен 1 сағаттан кейін ауыздықталды.
Сондай-ақ Алматы ауданы Молодежный шағынауданындағы 7 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт болып, көмірқышқыл газына уланған 5 жастағы бала ауруханаға жеткізілді.
Бір шаршы метр аумаққа тараған жалынды қалалық өртке қарсы қызметтің 11 адамы 4 техникасының күшімен 28 минутта сөндірілді.