Астанада болған жол көлік апатында төрт адам жапа шекті, солардың ішінде 5 айлық нәресте бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада болған жол көлік апатында төрт адам жапа шекті, солардың ішінде 5 айлық нәресте бар, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.
«10-емхана ауданында Жамбыл және 188-ші көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты. Бұрылыста BMW қарсы жолақта келе жатқан Mercedes-тің жолын қиған. Жол көлік оқиғасы салдарынан алдыңғы жолаушы орнында отырған анасының қолында тиісті жарақсыз болған 5 айлық сәби жапа шекті», - делінген хабарламада.
Жедел жәрдем қызметі нәрестені түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізді.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты деп бағалануда.
Сәбимен бірге BMW көлігіндегі тағы үш жолаушы жапа шекті. Оларға да медициналық көмек көрсетілді.
«Егер сәби балаларға арналған жабдықпен тасымалданса, мұндай жарақаттар болмауы мүмкін еді», - деді ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Лариса Красникова.