Астанада бопсалау жолымен 30 мың доллар алған жалған қаржы полициясы қызметкері ұсталды

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері өзін қаржы полициясының тергеушісі ретінде көрсетіп,
None
None

бопсалау жолымен қалалық мемлекеттік мекемелердің бірінің бас бухгалтері А.есімді азаматшадан 30 мың доллары сомасында ақша қаражаттарын алған К.Лекеров есімді азаматты ұстады.

Бухгалтерді алаяқ оған қатысты қаржы полициясына түскен арыз бойынша тексеріс жүргізіп, іс-әрекеттерінде қаржылық бұзушылықтарды анықтағандығына сендірді. Бұдан кейін А.есімді азаматшадан тексеріс нәтижелері бойынша оң шешім шығаруы үшін ақша қаражаттарын бопсалаған.

Лекеровқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 27 маусымда ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар