Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық жастар саясаты басқармасына сілтеме жасап. 
None
None

Сәтпаев көшесіндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының атриумында өткізілетін шара сағат 10:00-да басталады. Оның әкімдіктің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырады.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қаладағы 40-тан астам жұмыс берушілер қатысып, өздерінде бар бос жұмыс орындары туралы айтады.  Жәрмеңке ЖОО, ШОО түлектері және қаладағы жастар арасында жұмыссыздықты азайту және тәжірибелі жастарды нақты жұмыспен қамтамасыз етуді мақсат тұтады.
Осы тектес іс-шараларға келу, тәжірибесі бар жұмыс іздеушілерге де, қандай да бір себептерге байланысты өз жұмысында жетістікке жете алмай, өз орнын іздеп жүргендерге, сондай-ақ жұмыс іздеуде әлі ысылмаған түлектер мен студенттерге де өте пайдалы, деп мәлім етті басқармадағылар. 

Соңғы жаңалықтар