Астанада «Бояу сыры» көрмесі өтеді
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Маусымның 18-і күні Суретшілер үйінің көрме залында Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары, белгілі суретшілер - Құралай Омарқұлова, Еркінбек Боранқұлов және Еркебұлан Мауяновтың Астана күні мерекесіне арналған «Бояу сыры» атты шығармашылық көрмесі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің басты мақсаты ? Астана күні қарсаңында қаланың әсем көріністерін жан-жақты танытып, еліміздің тылсым табиғатының сырлы нақыштарын халыққа көрсету. Іс-шараға Суретшілер одағының төрағасы Талғат Жақыпов, Суретшілер үйінің директоры Аман Жүнісбек, ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков және Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері қатыспақ. Көрмені ұйымдастырушы ? Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Бейнелеу өнері» кафедрасы.