Астанада бозбала абайсызда өз қолын атып алған
Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Анық болғандай, жәбірленушінің 20 жастағы ағасы аталмыш травматикалық тапаншаны үш жыл бұрын бейтаныс тұлғадан сатып алған.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 287 бабы (қаруды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалған.
Еске салсақ, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында травматикалық қаруды ерікті және ақылы түрде тапсыру акциясы жылдың аяғына дейін жүргізіледі. Бүгінгі таңда елорда тұрғындарынан травматикалық қаруды ерікті түрде тапсыру жөнінде 2022 өтініш келіп түсті.
2015 жылдың 1 қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін 2163 травматикалық қару бірлігі, соның ішінде шолақ қарудың 845 бірлігі мен травматикалық газды қарудың 1318 бірлігі тапсырылды.