Астанада брендтелген су жаңа автобустар қатынайтын болады
АСТАНА. KAZINFORM — 25 маусымнан бастап Астана көшелеріне брендтелген 100 жаңа автобус шығады. Олардың сәнді дизайны V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары үшін арнайы әзірленген. Онда Қазақстанның заманауилығы мен мәдениеті бейнеленген. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.
Автобустардан ерекше жаңашылдықты байқауға болады. Заманауи әрі эстетикалық жағынан безендірілген автобустарда жайлылықты қамтамасыз ететін күшейтілген жарықтандыру және ауа баптау жүйесі бар.
Жолаушыларды ақпараттандыру әрі көңіл көтеру үшін инновациялық мультимедиялық жүйелер қарастырылған.
Мамандардың сөзінше, бұл автобустар көлік жүйесін безендіріп қана қоймай, сонымен қатар қаланың прогресс пен технологиялық инновацияларға деген ұмтылысын білдіретін «ерекшелік» болады.