16:42, 01 Мамыр 2025 | GMT +5
Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді
АСТАНА.KAZINFORM — Бүгін № 18, 27, 47 автобустар бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.

— Құрметті жолаушылар! № 18, 27, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада 1 мамырдан бастап 14 автобус бағытының қозғалыс бағыты уақытша өзгеретінін жазған едік.
Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетіп, қоғамдық көлікке бір күнде 1 млн астам адам мінген.
Ал, Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады.