Астанада бірнеше автобустың бағыты өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM – «City Transportation Systems» ЖШС-нің хабарлауынша, «Меркурий ТҮК» аялдамасына тоқтау уақытша мүмкін болмай отыр.
Осыған байланысты №7, 17, 29, 29A, 56, 61, 63 бағдарлар аталған аялдамада жолаушыларды отырғызу және түсіруді уақытша тоқтатады.
Сонымен қатар №4 және 4А бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.
Тасымалдаушы компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды.
Айта кетейік, Алматыда 4 көлік пен автобус соқтығысып, 23 адам зардап шекті.