Астанада бірнеше көше қиылысы уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада асфальт жабынын жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астанада көше қиылыстарындағы ақаулы асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы уақытша толық жабылады.
Шектеулер келесі көшелерде қолданылады:
— Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Қуанышбаев көшесі — 10 маусым сағат 21:00–ден 11 маусым сағат 07:00–ге дейін;
— Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Аманжолов көшесі — 12 маусым сағат 21:00–ден 13 маусым сағат 07:00–ге дейін;
— Ж. Нәжімеденов көшесі/С. Нұрмағамбетов көшесі — 13 маусым сағат 21:00–ден 14 маусым сағат 07:00–ге дейін;
— С. Нұрмағамбетов көшесі/А. Байтұрсынов көшесі — 14 маусым сағат 21:00–ден 15 маусым сағат 07:00–ге дейін.
— Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын елордадағы Кенесары көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталатынын жазған едік.