Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматында қалады, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылдың 14 желтоқсаны күні бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – деп хабарлады елордалық білім басқармасы.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 14 желтоқсан күні Астанада ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр.
Елордада аптаның басынан бастап қатты аяз орнап тұр.
Қала тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін сақтау және көшеде ұзақ уақыт болмау қажет екенін ескертеміз.