Астанада бұдырлы шегесі бар дөңгелектерге тыйым салынуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдырлы шегесі бар дөңгелектерді Астана жолдарында тыйым салу мәселесін қарастыруды тапсырды.
None
None

Кеңес барысында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов жөндеуден өткен жолдардың тез бұзылуындағы себептердің бірі көліктерде бұдырлы шегесі бар дөңгелектерді пайдалануға байланысты екенін атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, Астанада 1300 ірі нысан салынып жатыр. Осы орайда жыл сайын қала көшелерімен 700-ге жуық бетон араластырғыш және өзге де жүк көліктері қозғалады.

Бұл көліктер жыл сайын миллиондаған рейстер жасайтынына тоқталған И. Тасмағамбетов, «олар тақтатастарды, кірпіштерді және өзге де ауыр жүктерді тасымалдайды. Бұған қоса жолдарға 6 ай қыс пен қала көшелеріндегі 400 мың машина әсер етеді. Бұдырлы шегесі бар дөңгелектерді тағып алған көліктер қыс айларында асфальттың бір сантиметр қабатын қырып түсіреді», - дейді әкім.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы осы мәселені қарастыруды тапсырды. «Егер де оны еш залалсыз іске асыруға болса, онда мәслихатпен бірлесе тиісті шешім қабылдаңыздар», - деп түйді Президент.

Соңғы жаңалықтар