Астанада бүгін 40 жұп шаңырақ көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күніне орай жас жұбайлардың жаппай некесін қию дәстүрге айналған. Биыл аталмыш игі шара осымен 11-ші рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астанада бүгін 40 жұп шаңырақ көтерді

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, осыған дейін шара қатысушыларының арасында ажырасу деген атымен болмаған. Бұл жолы неке куәлігі бір уақытта 40 жұпқа берілді.

Жас жұбайлар Әлішер мен Лилия Ермұхановтар АХАТ бөліміне өтініш беру үшін осы күнді арнайы күткенін айтады.

null«Біз былтыр осындай акция өткізілгені туралы естіп едік. Үйлену туралы қаңтарда шешім қабылдадық. Бірақ біз елорданың 20 жылдығына орай шаңырақ көтеруді арнайы жоспарладық. Осы шараға қатысқымыз келді», - дейді бақытты келін.

Тағы бір жұп Абай мен Мөлдір Ғалымжановтар о баста бұл акцияға қатысуды ойламаған көрінеді.

null«Біз бір ай бұрын өтініш тапсырған кезде әдеттегі күндердің бірі болады деп ойладық. Бір аптадан соң АХАТ бөліміндегілер қоңырау шалып, осы акцияға қатысуды ұсынды. Біз келісе кеттік. Кеудемізді қуаныш кернеп тұр. Ұйымдастырушылар барынша әрекет жасапты: су да бұрыннан әзірлеп қойылған, фотографтар да көп болды», - дейді Мөлдір.

Астана күніне орай ұйымдастырылатын салтанатты шара 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында шараға 350 жас жұбай қатысқан. Олар қазір 800-ден астам баланы тәрбиелеп отыр.

 

 

АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады