Астанада бүгін қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Астанада жаңбыр аралас қар жауды. Түнгі ауысымға көшені қардан тазартуға коммуналдық қызмет 700-ден астам арнайы техника мен 150-ге жуық жол жұмысшысын жұмылдырды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

жаңбыр
Фото: Астана әкімдігі

Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіледі. 

қар
Фото: Астана әкімдігі

Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалап жатыр. 

Қыс басынан бастап 6 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 447 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Осадки в виде снега с дождем выпали сегодня в Астане
Фото: Астана әкімдігі

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

«Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз» деп ескертеді әкімдіктен.

Осадки в виде снега с дождем выпали сегодня в Астане
Фото: Астана әкімдігі

Естеріңізге сала кетейік, Қазгидромет мәліметінше, Астанада 10 наурызда күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. 

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4 градус суық.

Осадки в виде снега с дождем выпали сегодня в Астане
Фото: Астана әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар