Астанада бүлдіршіндер «BalaSkills» чемпионатында бақ сынады
АСТАНА. KAZINFORM — «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жұмыс жоспарына сәйкес Мектеп жасына дейінгі балаларға арнап «Balаskills» қалалық чемпионатын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның мақсаты — ерте жастан кәсіптік бағдар беру және балалардың болашақта заманауи жұмысшы кәсіптерін игеруге қызығушылығын арттыруға мүмкіндіктер жасау және өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

— Ережеге сәйкес, чемпионат 3 құзыреттілік бойынша өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар анықталды. Жалпы 21 тәрбиеленуші қатысты. Оның ішінде 9 қатысушы жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді, — делінген хабарламада.

Бала дизайнер құзыреттілігі бойынша:
• I орын — № 94 «Сұңқар» Б;
• II орынын — № 33 «Алтын дән» Б;
• III орын — № 32 «Балдәурен» Б;
• Грамота — № 45 «Самұрық» Б;
• Грамота — № 82 «Айару» Б.
Бала аспаз құзыреттілігі бойынша:
• I орын — № 32 «Балдәурен» Б;
• II орын — № 45 «Самұрық» Б;
• III орын — № 86 «Зияткер» Б;
• Грамота — № 36 «Балапан» Б.

Робот құрастырушы:
• I орын — № 82 «Айару» Б;
• II орын — № 86 «Зияткер» Б;
• III орын — № 94 «Сұңқар» Б;
• Грамота — № 84 «Кәусар» Б;
• Грамота — «Uni Kids3» Б;
• Грамота — № 32 «Балдаурен» Б;
• Грамота — № 33 «Алтын дән» Б.

Осыған дейін Астанада азық-түлік бағасына бақылау күшейтілгенін жаздық.