17:38, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Астанада бұрқасын салдарынан 42 рейс кешіктірілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты Астана халықаралық әуежайында 42 рейс кешіктірілуде, бұл туралы бас қаланың әуе айлағының ресми порталында, онлайн-таблода хабарлануда.

Еске сала кетейік, ТЖ жөніндегі комитет Ақмола облысында және Астанада жел күшейетінін ескерткен болатын. Елорда мектептеріндегі бірінші және екінші маусымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайтын болды. ТЖД хабарламасы бойынша Астанадан барлық бағыттарға жол жабылды.