Астанада бұршақ аралас нөсер жаңбыр құйып өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бұршақ аралас нөсер жаңбыр құйып өтті. Көлік иелері нөсер жаңбырдан көсіліп жүре алмай қалды. Жол қиылыстарында су жиналып, қозғалысқа кедергі келтіруде.
Айта кетейік, синоптиктер жексенбі күні жаңбыр жауады деп болжаған болатын. Қостанай, Ақмола, ШҚО, Павлодар, СҚО, БҚО және Қарағанды облыстарында жер-жерде жел жылдамдығы артып, жаңбыр жауады деп хабарлаған еді.