16:22, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Астанада бұршақ аралас нөсерлі жаңбыр жауды, елорданың көшелерін су басты (3 ВИДЕО)
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Астанада нөсерлі жаңбыр құйып, соңы үлкендігі асбұршақтай бұршаққа ұласты, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.

«Бұл бұршақ тәрізді, жаңбыр шелектеп құйғандай болды. Жаңбыр аяқ астынан басталып кетті, жел күшейіп, найзағай ойнады. Көру мүмкіндігі өте төмен болды. Барлығы судың астында қалды»,- деді біздің тілші.
Соның салдарынан Астанадағы кейбір көшелер судың астында қалды, жекелеген үйлерде дауыл электр желісін зақымдады.
Естеріңізге сала кетейік, синоптиктер бұған дейін елордада дауылдың болатындығы жайлы ескерту жасаған болатын.