Астанада бұрынғы білім вице-министріне қатысты сот үкімі шықты
Сот шешімімен Саят Шаяхметов өзіне сеніп тапсырылған қаражатты қолды етіп, мақсатсыз жұмсағаны үшін айыпты деп танылды.
«Саят Шаяхметов ҚР ҚК 176-бабы 4 «Б» тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және ол қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеумен қатар 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар Шаяхметов мемлекеттік органдарда 5 жылдан астам уақытқа қызмет істеу құқығынан айырылды», - деді соттың баспасөз қызметінен.
Оның сыбайласы "ҚР Салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС-ның басшысы Александр Пактың жазалау мерзімі 6 айға көп.
Александар Пак ҚР ҚК 176-бабы 4 «Б» тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және ол қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеумен қатар 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Оның үстіне ол мемлекеттік органдарда 5 жылдан астам уақытқа қызмет істеу құқығынан айырылады.
Сотталушылар апелляцияға 15 күннің ішінде бере алады.
Еске салсақ, бір жарым миллиард бюджеттік қаражатты иеленіп, жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі қаржы полициясы 2013 жылғы сәуірде қозғаған. Ақша Өскемендегі 700 орындық білім беру мекемесін салуға бөлінген. 2013 жылы мамырда қылмыс жасады деген күдікпен вице-министр Саят Шаяхметов пен "ҚР Салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС бас директоры А. Пак ұсталды.