Астанада «Caspionet» ұлттық жерсерік арнасының жаңартылған форматының таныстырылымы өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 8-інде Астанада «Caspionet» Ұлттық жерсерік арнасының жаңартылған форматының таныстырылымы өтеді.

Астанада «Caspionet»  ұлттық жерсерік арнасының жаңартылған  форматының   таныстырылымы  өтеді

Бұл шараға Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев, шетелдік дипломаттар, республикалық БАҚ басшылары шақырылып отыр.

Қазіргі таңда «Caspionet» Еуропа, Орталық Азия, Закавказье, Африканың Орталық Шығыс және Солтүстік бөлігіндегі елдерге хабар таратады. 99 миллион адам арнаның әлеуетті көрермендері болып табылады.

«Caspionet» арнасы көрермендерге Қазақстанды шетелдіктердің көзімен таныстыратын «STEPPE TALES», шетелдік дипломаттардың Қазақстандағы жұмысы мен өмірі туралы деректі фильмдер топтамасының «PERSONA GRATA», бизнес-жаңалықтарға, ірі шетелдік инвесторлармен сұхбаттарға негізделген «THE REAL ECONOMY», қазақстандық ғалымдардың алдыңғы қатарлы жобалары мен жетістіктері туралы баяндайтын бағдарламалардың «LIMITLESS SCIENCE» және көпұлттық Қазақстандағы қолданбалы және музыкалық өнерге арналған бағдарламалардың «MASTERS OF CREATIVITY» и «SOUNDS OF THE NOMADS» атты жаңа жобаларын ұсынып отыр.