Астанада цех ретінде қайта жабдықталған тұрақта өрт болып, ер адам қаза тапты
ТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Елорданың Алматы ауданындағы Пушкин көшесіндегі «Восточный» тұрақ қоғамында 29 тамызда 03 сағат 34 минутта екі қабатты тұрақта өрт болды.
Өрт 04 сағат 43 минутта ауыздықталды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 15 адамы мен 2 бірлік техникасы тартылды.
Өрт 30 шаршы метр жерді алды. Өртті сөндіру кезінде ер азаматтың мәйіті табылды. Жеке тұлғасы анықталған жоқ.