Астанада «Cенiм 2011» қазақстандық байқауы қорытындыланды

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат -«Ағымдағы жылдың 1-2 наурызында Астана қаласында VII Халықаралық «Адам ресурстарын басқару: интеграцияланған HR» конференциясы өтіп, оның аясында «Cенiм 2011» қазақстандық байқауының қорытындысы шығарылды.
None
None

Байқаудың қорытындысына сәйкес, 7 аталым бойынша еліміздегі үздік жұмыс берушілер анықталды», - деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

«Cенiм 2011» байқауы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  мен  «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының ресми қолдауымен өткізілді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы  өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық компаниялар арасында үздік деп танылған болатын. Ал биылғы жылы ұлттық компания байқаудың шарттары бойынша тек «Үздік HR-жобасы» аталымына ғана қатысып, «Салалық кәсіби стандартты әзірлеу» жобасында 2-ші орынды жеңіп алды.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының «Үздік HR-жобасы» аталымында II дәрежелі жеңімпаз атанғанын дәлелдейтін сертификат пен талантты қазақстандық шебер Серік Рысбеков жасаған мүсіншені «ҚазМұнайГаз» компаниясының аппарат басшысы Андар Шоқпытовқа «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ө.Шөкеев табыс етті.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы кәсіби стандарт әзірлеуге 2009 жылы кіріскен болатын. Қазіргі уақытта үздік шетел тәжірибесі және қолданыстағы біліктілік анықтамаларын (БТБА және БА) ескере отырып, компания салалық кәсіби стандарттың инновациялық әдістемесін әзірледі. Сонымен қатар осы әдістеме бойынша мұнай-газ саласының негізгі  бағыттары бойынша, атап айтқанда   барлау мен өндіруден бастап, мұнай-газ тасымалы, мұнай өнімдері мен газды өңдеу мен сатуға дейінгі бағыттар бойынша кәсіби стандарттар жобасы әзірленді.

Кәсіби салалық стандартты енгізу бизнесті ескере отырып адам ресурстарын сапалы басқарып қана қоймай, еңбек рыногындағы жағдайды реттеуге де мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар