Астанада «Чек талап ет - сыйлық ұтып ал» акциясы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Чек талап ет - сыйлық ұтып ал» акциясы басталды. Бұл туралы Астана қалалық мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң басшысы Әбiлқайыр Сқақов айтты.

Астанада «Чек талап ет - сыйлық ұтып ал» акциясы басталды

«Бұл акцияның мақсаты - тұтынушылар құқығын қорғау. Сіздер білесіздер ме, чектер тұтынушы әрбір затты сатып алған сайын берілуге міндетті және олар өз кезегінде «көлеңкедегі» қаражатты айналымға түсіруге септігін тигізеді. Егер қандай да бір сауда орны сатқан тауары үшін чек бермесе, суретін түсіріп алып, бізге жібересіз. Біз ол мәліметтерді ҰКП-ына береміз. Өйткені бақылау-кассалық аппаратынсыз жасалған әрбір сауда «көлеңкеде» қалған ақша мен ел бюджетіне түспеген салық деген сөз. Чек алмасаңыз, сонымен қатар тауар жарамсыз болып шықса, заңды түрде қайтара да алмайсыз», - деп түсіндірді ол.

Акцияға қатысу үшін кез келген чекті суретке түсіріп, оны WhatsApp арқылы +7 701 500 17 17 нөміріне жіберу керек. Әрбір жіберілген чекке арнайы нөмір беріліп, 2015 жылдың 5 маусымында бағалы сыйлықтар ойнатылады.