11:21, 23 Тамыз 2010 | GMT +5
Астанада Челленджер сериясының «Astana Cup» халықаралық турнирі басталады
АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ерлер арасында Челленджер сериясының «Astana Cup» халықаралық турнирі басталады, деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Тамыздың 23-29-ы аралығында өтетін жарысқа 14 және одан жоғары жастағы бозбалалар қатысады. Қазақстан, Үндістан, Ресей, Израиль, Жапония, Словакия, Австралия, Корея, Чехия, Қытай елдерінен келген спортшылар 50 мың АҚШ долларының жүлделік қоры үшін таласатын болады.
Турнирді Қазақстанның Теннис федерациясы мен Қазақстандық теннис туры ұйымдастырып отыр.