Астанада COBIS халықаралық ойындары өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада COBIS (Council of British International Schools) Британ Халықаралық мектебінің төменгі сынып оқушыларының арасындағы халықаралық ойындары өтті, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.
None
None

Екі күнге созылған шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 336 оқушы жүзу, жеңіл атлетика және футболдан жарысты.

Ойындардың ашылуында қонақтар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты. Келесі күні қатысушылар «Қазақстан» спорт сарайында жүзуден сайысты. Содан кейін QSI халықаралық мектебінде жеңіл атлетикадан жарыстар ұйымдастырылды. Ойындар «Астана Арена» стадионында футбол матчтарымен аяқталды. Бұл турнирде нигериялық St. Saviour's мектебі жеңіске жетті.

Айта кетейік, COBIS ойындары оқушылар үшін ең ірі халықаралық шаралардың бірі болып табылады. Аталған ойындардың екі санаты болады: жоғары сыныптарға (7-8 сыныптар) және төменгі сыныптарға (5-6 сыныптарға) арналған. Ойындар жыл сайын түрлі мемлекеттерде өткізіледі. 

Соңғы жаңалықтар