Астанада дағдарысқа қарсы саясат негізінде энергия сақтау мен энергия тиімділігінің рөлі талқыланады

АЛМАТЫ. Наурыздың 21-і. ҚазАқпарат – Астанада наурыздың 26-27-і күндері «Дағдарысқа қарсы саясат негізінде энергия сақтау мен энергия тиімділігі рөлінің Қазақстан үшін болашағы» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өтеді. Оны ұйымдастырушы – біздің еліміздегі БҰҰ Даму бағдарламасы өкілдігі,

Астанада дағдарысқа қарсы саясат негізінде энергия сақтау мен энергия тиімділігінің рөлі талқыланады
деп хабарлайды ҚазАқпарат "ЭкоПравда-Қазақстанға" сілтеме жасап.Елбасының «Дағдарыстан - дамуға» Жолдауында барлық бюджеттік шығындар мен қаржы тәртібін күшейту жөніндегі қатаң үнемділікке қарамастан сумен жабдықтау нысандары мен тораптар, жылумен жабдықтау, энергетика және кәріз сияқты коммуналдық жүйелерді қайта жасау және жаңарту маңызды міндеттер қатарына жатқызылған. Бұл дағдарыс жағдайында энергия тиімділігі жөніндегі жобалардың барынша өзекті екендігін байқатады. «Экономикалық өсу кезінде әдетке айналып кеткен талан-таражға жол берушілікті ендігі жерде тиімді тұтыну мен үнемділікке ауыстыруымыз керек», - деп атап өтті Мемлекет басшысы өз Жолдауында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешуде белсенділікке шақыра отырып.Отырыстың басты мақсаты ? дамыған және ТМД-дағы дамып келе жатқан елдердің энергия сақтау тәжірибелері жөніндегі шаралары мен саясатына бағдар жасау және Қазақстандағы энергия сақтаудың рөлін, дағдарысқа қарсы саясат негізінде энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шаралардың болашағын, экономика мен әлеуметтік салалардың түрлі қырларының әсерін талқылау.«Дөңгелек үстелде» Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және ҚР Табиғи монополияларды агенттігінің баяндамалары және халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық және отандық сарапшылардың ұсыныстары тыңдалады. Қазіргі экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеру үшін Қазақстанда энергия сақтау жөніндегі саясатты дамытудың негізгі бағыттарын ұсыну жоспарлануда.