Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада дәрігерлердің немқұрайдылығынан қайтыс болған жүкті әйелдің анасына қалалық перинаталдық орталық моральдық шығын үшін өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Соттың ақпаратына сәйкес, арызданушының қызы қаладағы №1 Перинаталдық орталықта тіркеуге тұрған. Ол үш ай бойы дәрігерлерден көмек сұрап, денсаулық жағдайына байланысты түсік тастау қажеттігін айтқан.

«Дәрігерлердің қызметтік борышына ұқыпсыздықпен қарауының салдарынан науқастың ауруының деңгейі анықталмаған, бұл оның өліміне әкеп соқтырған», - делінген сот хабарламасында.

Қайтыс болған әйелдің анасы Есіл аудандық сотына шағым түсіріп, Перинаталдық орталықтан материалдық залал мен моральдық шығын үшін өтемақы талап еткен. Сот оның пайдасына 2 миллион теңге мөлшеріндегі сома моральдық шығын үшін, 4,5 миллион теңгеден астам сома материалдық залал үшін өтемақы төленетіні туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енді.


Фото: prioritet.org

Соңғы жаңалықтар