Астанада дарынды балаларға арналған қала әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында елорданың дарынды жастары - оқу озаттары мен түрлі байқаулар мен фестивальдерде жүлде алып жүрген талантты оқушыларға арналған қала әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті.
None
None

Әртүрлі оқу орындарынан жиналған 150-ге тарта жас дарын Астана қаласы әкімінің атынан сыйлықтарға ие болды.

Жаңажылдық мерекеде шыршаның жанында сахналанған ойын-сауық бағдарламасы, «Қаршақыз» ертегі қойылымы мен тәтті тағамға толы үстел ұйымдастырылды. «Бәйтерек», «Созвездие» би ансамбльдері, «Балдырған» халық циркі, «Жас Астана» және «Жұлдызды сағат» эстрадалық студиялары ән мен биден шашу шашты. Ертегі кейіпкерлері, Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарын табыс етіп, жаңажылдық дастарханға шақырды.

«Өткен 2011 жыл біз үшін табысты өтті. Аяқ басып келе жатқан жаңа жылда да осындай асуларға жетулеріңізді тілейміз», - дейді қалалық Білім басқармасы бастығының орынбасары Әсият Коржикова.

Соңғы жаңалықтар