12:57, 06 Тамыз 2015 | GMT +5
Астанада дарынды балаларға арналған мектепке қабылдау басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қыркүйекте Астананың сол жағалауында «Батығай» ТҮК қасында дарынды балаларға арналған №81 Astana English School гимназиясы ашылады. Мектепте сабақтар қазақ және ағылшын тілдерінде өткізіледі, деп хабарлайды astana.kz.
Бүгінгі күннен бастап гимназияда конкурсты ақылы негізде оқуға 1-7 сыныптарға оқушы қабылдау басталады. Құжаттарды қабылдау сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жүреді. Оқушыларды тестілеу 10 тамызда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Атап өтейік, биыл елордада 1 қыркүйекте жаңадан үш мектеп жұмысын бастайды. Жаңа оқу жылында қалада 17 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде, бұл өткен оқу жылына қарағанда 2 мың оқушыға көп.