Астанада дәстүрлі «Nortel Forum Kazakhstan 2009» конференциясы өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада наурыздың 26-сында «Nortel» мен «NEWTECH DISTRIBUTION» компаниялары дәстүрлі «Nortel Forum Kazakhstan 2009» конференциясын өткізеді,

Астанада дәстүрлі «Nortel Forum Kazakhstan 2009» конференциясы өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастырушылардың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Конференцияның басты тақырыбы экономикалық дағдарыс жағдайында бизнестің тиімділігін арттыру және шығындарын қысқарту болып отыр. Форум жұмысына «Nortel» серіктерінен басқа, мемлекеттік органдардың, қаржы құрылымдары мен консалтингті агенттіктердің, ірі АКТ компанияларының, телекоммуникациялық қызмет провайдерлерінің өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатыспақ. «Біз үшін форум аса маңызды шара болып табылады, өйткені аймақтағы барлық әріптестер мен тапсырыс берушілермен сенімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бізбен бірге жаһандық, аймақтық жағдайда бірге жұмыс істеуге мүдделі, технологияларды дамыту идеясын қолдайтын, халықты технологиялардың мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіп, өмірлерін қызықты етуге көмектесуге тырысатындарды жоғары бағалаймыз. Форумда біз жаһандық компания өкілі ретінде әріптестерімізге әлемдік телекоммуникациялық нарықтағы соңғы технологиялық жетістіктер мен өзгерістер жайында айтамыз», дейді «Nortel-дің Ресей мен ТМД елдері бойынша корпоративті сату мен шешімдер жөніндегі жетекшісі Сергей Хомяков. Жалпы, ресми дерек көздеріне қарағанда, 2008 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға шамамен 136 миллион доллар көлемінде телекоммуникациялық өнімдер, ақпараттық технологиялар, тұрмыстық техника импортталынған. Телекоммуникациялық және тұрмыстық техника импорты жыл сайын 20 пайызға артып келеді.