Астанада дәстүрлі тамыз кеңесі өтіп жатыр
ыздың 24-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы Конгресс-Холл сарайында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл дәстүрлі педагогикалық кеңес «Білім беру сапасы - Қазақстан Республикасының тұрақты даму нысандарын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі» тақырыбында өтіп жатыр. Кеңес барысында өткен жылдың қорытындысы шығарылып, алдағы 2009-2010 оқу жылдарына бағытталған жұмыс жоспары айқындалатын болады.
2008-2009 оқу жылдарының қорытындысын шығарған Астана қаласы білім басқармасының бастығы Әсима Бимендинаның атап көрсеткеніндей, бүгінде бастауыш сыныптарда орыс тілінде сабақ беретін педагогтардың жетіспеушілігі түйткілді мәселе болып отыр. Мамандардың мұндай дефициті кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінде де бар.
Айтар кетерлігі бүгінде қалада 76 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 64 мемлекеттік, 12 жеке меншік мектебі жұмыс істейді. 38 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 5 мектеп-бала бақша және 18 жеке меншіктегі бала бақша тәрбие, оқыту үрдісін жүзеге асырады.