Астанада дау тудырған баннердің авторы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері «Arman Deluxe» элиталы ТК қоршауында шу тудырған баннерді орнатқан қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада дау тудырған баннердің авторы ұсталды

Баннердегі жазба мынадай: «Біз өзімізді жоғары класс деп есептегендіктен, қоршаумен қоршап алдық. Қаздар доңыздарға көрші емес».

Осы баннердің видеосы Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды. Ролик авторларының айтуынша, оқиға былай өрбіген: тұрғын үй кешенінің алдына жаяу жүргіншілердің жолын жапқан ұзын темір қоршау орнатылған. Қарама-қарсы орналасқан жатақхана тұрғындары кішкене  қақпа жасауларын өтінген. Бірақ, олардың өтініштерін ешкім орындамаған.

Оған жауап ретінде көрші үйдің тұрғыны қоршауға осы жазбаны орнатқан.

«Елордалық полицейлер ҚР ҚК 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұдан бөлек, полицейлер жедел іс-шаралар жүргізу кезінде баннерді түсіріп, таратқан жергілікті тұрғын анықталды. Оған қатысты тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.