Астанада дауыл соғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең астанада дауыл соғуы мүмкін. Мұндай ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада дауыл соғады

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 14 мамыр күні күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауатыны және дауыл тұратындығы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал түнде және 15-16 мамырда 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.