Астанада дауылды ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қарашада Астанада қатты жел мен көктайғақтың болуына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен хабарлады. «Қар жауып, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екіпіні 25 м/с жетеді», - делінген хабарламада.
None
None

24 қарашада елордада түнде ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 33 градус аяз болады. ҚР Білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласында мектеп оқушылары мен студенттер үшін сабақтың өткізілмейтіні туралы ақпарат сол күні жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар