18:54, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Астанада Дельфий ойындарының бағдарламасы бойынша «Шаттық-2010» IV конкурсының гала-концерті өтуде
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Елордадағы Конгресс-холлда Дельфий ойындарының бағдарламасы бойынша «Шаттық-2010» IV конкурсының гала-концерті өтуде.
Конкурстың өзі ақпанның 16-сы мен 20-сы аралығында өтіп, сахнада 69 оқу ұйымдарының шығармашылық ұжымдары сайысқа түсті. Олар - 5 000-нан астам талантты балалар.
Конкурс барысында жеті - хор, вокал, хореография, аспапты, бейнелеу өнері, фотосурет және мәнерлеп оқу жанрларында 12 аталым бойынша 27 алтын, 26 күміс, 27 қола медальдар сарапқа салынды. Сонымен қатар, белсенді қатысқандарға 120 арнайы диплом және педагогтар үшін 80 сертификат тапсырылды.
Қалалық конкурсты өткізу идеясы Астана қалалық білім басқармасына тиесілі, ал оның ұйымдастырушысы - М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы.