Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 20-21 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді және басқа да тауарларды сатып ала алады.
— Іс-шара 20 және 21 маусым күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін Алаш тас жолы, 35Б мекенжайында орналасқан «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді. Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынның маңынан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Павлодарда азық-түлік пен көкөніс өнімдері қымбат бағаға сатылып келгені белгілі болды.