Астанада демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада қала мен ел өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

Астана жәрмеңке
Фото: pixabay.com

Жәрмеңке елорданың Сарыарқа ауданында Б.Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында өтеді.

Осы аптада жәрмеңкеге Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады.

Тауар өндірушілер өнімдердің кең ассортиментін ұсынады: көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері және т.б.

Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Соңғы жаңалықтар