Астанада демалыс күндері 19 мас жүргізуші ұсталды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада демалыс күндері 19 мас жүргізуші ұсталды,
деп хабарлады қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметі.
«Демалыс күндері жол полицейлері жол қозғалысы ережесін бұзудың 1 097 оқиғасын анықтады, оның ішінде 19 жүргізуші көлікті мас күйінде айдағаны үшін, 151 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін, 19-ы жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін, 67-сі көлік басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені үшін ұсталды», - делінген хабарламада.
Айыппұл тұрағына 26 автокөлік қойылды.