Астанада демалыс күндері 24 ойын-сауық мекемесі карантинді бұзған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері мен әкімдік және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінен құрылған мобильді топтар қалада карантин режимін бұзу фактілерін анықтау шараларын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Осылайша, өткен демалыс күндері мобильдік топ кәсіпкерліктің 150-ге жуық субъектісін тексеріп шықты. Тексеру кезінде карантинді бұзған 24 нысан анықталған.

Пушкин көшесінде орналасқан «ZARA» түнгі клубы жұмыс істеуге тыйым салынғанына қарамастан, түнгі сағат 23:45-те келушілерді қабылдап жатты.

Тексеру кезінде оның ішінде шамамен 100 адам жүрген. Сол күні Тұран даңғылындағы «Fest425» дәмханасын тексеру кезінде оның ішінде 50 адамның көңіл көтеріп жүргені анықталды.

Бұданбасқа, мекемеде кальян қызметі ұсынылған. Полиция қызметкерлері келушілер және дәмхана кальяншысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 441-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Қабанбай батыр даңғылында орналасқан «INCOGNITO» караоке залы келушілерді таңғы сағат 05:00-де қабылдап жатты. Тексеріс кезінде оның ішінде 80-ге жуық адам жүрген.

Мекеме иелеріне қатысты жиналған материал ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік өндірісті қозғау үшін өкілетті органға жолданды.

Жылдың басынан бері карантин режимінің шектеу шаралары кезеңінде мобильдік топ 580-нен астам бұзушылықты анықтаған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті кәсіпкерлерге карантин бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертіп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар