Астанада демалыс күндері ауа райы +15°С дейін жылынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда қар құрсауынан арылып, көктемнің шуақты нұрына бөлене түсуде. Қазгидромет мамандарының хабарлауынша, алдағы уақытта Астана қаласында ауа райы айтарлықтай жылы болады деп күтілуде. Демалыс күндері ауа температурасы +15°С көтеріледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Астанада демалыс күндері ауа райы +15°С дейін жылынады

Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз +4;+6°С құрайды.

Сәрсенбі күні елордада күн жылы болмақ. Күндіз ауа температурасы +6+8°С, ал түнде -4;-6 °С көрсетеді.

Бейсенбі күні Астанада күн +11;+13°С дейін жылынады, көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жұма күні түнде ауа температурасы 0;-2°С, күндіз +12;+14°С болады.

Демалыс күндері ауа райы айтарлықтай жылынады. Сенбі күні түнде ауа температурасы +1;+3°С, ал жексенбі күні түнде +2;+4°С болмақ.