Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-16 шілдеде елордадағы  «Қазақстан» СС көлік тұрағының аумағында республиканың 4 өңірінен келген тауар өндірушілердің қатысуымен кезекті жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігініңресми сайты .
None
None

Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен 600 тонна азық-түлік өнімін ұсынады.

Мәселен, жылқы етінің 1 келісін 1500 теңгеге сатып алуға болады, сиыр етінің 1 келісі 1250 теңге сомасында ұсынылмақ, сұйық май 340 теңге көлемінде сатылымға шығады.

Азық-түлік өнімінің 35-тен астам түрі ұсынылады: ет және  сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер, сұйық май, күріш, балық және т.б.

Дәстүр бойынша жәрмеңке өңірлік шығармашылық ұжымдардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасын таппақ.

Келесі демалыста өтетін жәрмеңкеге Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік-Қазақстан және Қостанай облыстары келеді.

Соңғы жаңалықтар