Астанада демалыс күндері күн жылынады

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде елордада күн бұлтты және желді болады, ал демалыс күндері жылына түседі.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, 27 наурызда Астанада күн бұлттанып, аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз -1+1°C.

Бейсенбі күні - көшпелі бұлтты, жауын жаумайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр екпінмен жел соғады, оның жылдамдығы кей уақыттары 18 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде -7-9 градус суықты, күндіз +1+3 градус жылылықты көрсетеді.

29 наурыз күні - көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр күшпен соғатын желдің екпіні 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2-0 градус суық, күндіз +8+10 градус жылы болады.

Соңғы жаңалықтар