Астанада демалыс күндері мас болып рөлге отырған 52 жүргізуші ұсталды - Жол полициясы

АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 18-19 күндері елордада өткізілген рейдтер барысында мас күйінде көлік басқарқан 52 жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық Жол полициясы басқармасынан мәлім етті.
None
None

Бұл күндері Жолда жүру ежелерін бұзудың 960 фактісі тіркелді. Олардың 52-сі - мас болып рөлге отырғаны үшін, 27 - көлікті құжатсыз басқарғаны үшін ұсталды.

Сондай-ақ, қарсы жолға шығып кетудің 14 фактісі, жылдамдықты асырудың 105 оқиғасы, зиянды қалдықтарды ауаға шығаруға рұқсат етілген норманың асқанына қарамастан, көлікті айдаудың - 92 және ұялы телефонмен сөйлесудің - 35 оқиғасы анықталды. Айыптұраққа барлығы 43 автокөлік қойылды.

Соңғы жаңалықтар