14:09, 23 Тамыз 2018 | GMT +6
Астанада демалыс күндері нөсер жауын жауып, қатты жел соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Астана қаласында дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер Ақмола облысында 24-26 тамыз аралығында жаңбыр жауады деп болжауда. 24 тамыз күндіз және 25 тамыз түнде кей жерлерде қатты нөсер жаууы ықтимал. Облыстың бірқатар өңірлерінде найзағайлы жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Астанада 24 тамызда күндіз және 25 тамызда түнде қатты нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. 24-26 тамыз аралығында найзағай ойнап, 24 тамызда солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады. 24-26 тамыз аралығында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.